Америкалық ойыншы «ERTIS» баскетбол командасынан кетті
Клуб пен спортшы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға келісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ERTIS» баскетбол клубының мәлімдеуінше, былтырғы жылдың қазанында клуб Кешон Таббпен келісімшартқа қол қойған болатын. «Алматы легионы» командасына қарсы матчтардан кейін Қазақстанның ең нәтижелі форварды оңтүстік астанадан келген ұжымнан тиімді шақыру алды.
– Біздің командада өткізген уақыты үшін Кешонға алғысымызды білдіреміз және одан әрі спорттық мансапта сәттілік тілейміз, – делінген клубтың ресми Instagram-парақшасында.
Кешон алғыс хатқа жауап берді:
– Мүмкіндік үшін рахмет! Менің жанкүйерлеріме, жаттықтырушылар штабына, командаластарыма, басшылыққа және ұйымға қатыстылардың барлығына рахмет! Сіздер менің жүрегімде мәңгілікке қаласыздар. Барлықтарыңызды жақсы көремін, үлкен рахмет! – деді ойыншы.
Енді спортшы 2024 жылдың соңына дейін Алматылық команданың намысын қорғайтын болады.