Сауд Арабиясы қажылық маусымында медициналық қызметтерге бақылауды күшейтті

Сауд Арабиясы қажылық маусымында медициналық қызметтерге бақылауды күшейтті
Фото: pixabay.com

Сауд Арабиясында қонақүйлер мен уақытша тұру орындарында орналасқан қажылық миссияларының медициналық кеңселерін тексеру үшін ауқымды тексеру науқаны басталды, деп хабарлайды Кazinform.

Денсаулық сақтау министрлігі Туризм министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған науқан қажылық маусымында қажыларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Мамандар медициналық кеңселердің лицензияланғанын, санитарлық және ұйымдастырушылық талаптарға сәйкестігін және мекемелердің білікті медициналық қызметкерлермен қаншалықты қамтамасыз етілгенін тексеріп жатыр.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың қауіпсіздігіне, оларды сақтау жағдайларына, қажетті жабдықтардың қолжетімділігіне, инфекцияны бақылау және санитарлық шаралардың сақталуына ерекше назар аударылады.