Павлодардағы кәсіпорындардың өнімдері «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қойылды

Павлодардағы кәсіпорындардың өнімдері «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қойылды
Фото: "Атамекен" фалатасынан

Отандық кәсіпкерлер арасындағы беделді байқаудың осы кезеңіне облыстан сегіз кәсіпорын қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Атамекен» Павлодар палатасының мәлімдеуінше, «Қазақстанның үздік тауары – 2023» байқауында өз өнімдерін ұсынуға лайық деп танылған павлодарлық компаниялардың қатарында «Песчан механикалық жөндеу зауыты» ЖШС, «Turkey PVL» ЖШС, «Айберг ПВ» ЖШС, «Мерусар и К» ЖШС, «Молком-Павлодар» ЖШС, «Қазэнергокабель» АҚ, «Рубиком» ЖШС және «ECO City Pavlodar» ЖК бар.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы бүгін яғни 27 қазан күні басталды. Екі күнге жоспарланған шара ертеңде жалғасын табады. 

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанған 180 компанияның кәсіпкерлері ұсынады.

Айта кетелік, айтулы шара Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтуде.