Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша өшіріледі

Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамыр күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша су уақытша берілмейді:

  • Олжабай батыр көшесі, 39 («Север» мейрамханасы);
  • Ак. Бектұров көшесі, 8, 8/1, 15;
  • Торайғыров көшесі, 48 («Шаңырақ» орталығы), 50/1 («Оливье» дәмханасы), 67 (Музыкалық колледж).

Жауапты мекеме бұл шаралар қаланы сумен жабдықтау сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтіп, тұрғындардан қажетті су қорын жинап алуды сұрайды.