Павлодарда автобус бағыттары өзгереді

Павлодарда автобус бағыттары өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшелердің бірінде асфальттау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Айманов көшесі бойынша Торайғыров көшесінен «Жағалау шағын ауданы» аялдамасына дейін автобустардың қозғалысы шектеледі.

№ 9, 16, 21, 27, 40, 115 автобус маршруттары «Жағалаушағын ауданы» соңғы аялдамасына Баян батыр көшесі арқылы кіріп-шығатын болады.