Павлодарлық суретші мерейтойлық көрмесін өткізеді

Павлодарлық суретші мерейтойлық көрмесін өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға түрлі жанрдағы картиналар паш етілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

24 қантарда сағат 16:00-де Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде суретші-ұстаз Наталия Решетованың «Менің махаббатым» атты дербес мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

Наталия Решетова Павлодар қаласында 1975 жылы дүниеге келген. 2003 жылдан бастап қалалық балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында кескіндеме, сурет пен композиция бойынша сабақ береді. Оның шәкірттері әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысып жүр.

Наталия Решетова оқытушылық қызметінен басқа өзін пейзаж, портрет, натюрморт, сюжеттік композициялар сияқты жанрларда сурет салады. Ол түрлі техникаларды шебер меңгерген, ал оның жұмыстары Қазақстанда және шетелдегі жеке коллекцияларда бар.