Павлодардың жаңа жайлы мектептерінде қашан сабақ басталады?

Павлодардың жаңа жайлы мектептерінде қашан сабақ басталады?

Екі нысан да әлі пайдалануға берілмеген. Кесте бойынша артта қалушылық жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодарда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша екі оқу орны салынуда: оның бірі – Достық жаңа шағын ауданында 1200 орынға, екіншісі – К. Мақпалеев атындағы №4 ЖОББМ мектепке жақын жерде орналасқан Гагарин көшесінде 600 орынға арналған. Екеуі де 2025 жылы пайдалануға беріледі. 

Мың орындық тағы бір жайлы білім беру мекемесі келесі жылы салынады. 

Гагарин көшесіндегі №47 болашақ мектепте балалар мемлекеттік тілде оқиды. Орыс тілінде оқитын оқушылар Қ. Мақпалеев атындағы және №17 ЖОББМ мектепте білім алуды жалғастырады.  

Мекемелер барлық заманауи талаптарға сай болуы үшін келесі жылы Қ. Мақпалеев атындағы мектептің ғимараты толығымен жаңғыртылады. Жоба күрделі жөндеуді, инженерлік коммуникацияларды жаңартуды, кабинеттерді жаңа жабдықтармен жабдықтауды қамтиды. 

Достық шағын ауданындағы мектепте балалардың қай тілде білім алатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Білім беру басқармасының қызметкерлері шағын ауданда тұратын балалар контингентін егжей-тегжейлі талдайды, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ата-аналармен, жұртшылықпен кеңеседі.