Железин ауданында оқушылар мен ұстаздар Мағжан Жұмабаев жайлы зерттеді

Железин ауданында оқушылар мен ұстаздар Мағжан Жұмабаев  жайлы зерттеді
Фото: Захаров мектебі

Зерттеу жұмыстарын қорғау үш бөлім бойынша жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Железин ауданы Захаров негізгі орта білім беру мектебінде алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған аудандық ғылыми конференция өткізілді.  

Конференцияның негізгі мақсаты – жобалау қызметінің дағдыларын жетілдіру, жалпы білім беретін мектептердің шығармашылығы мен бастамасын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын қабілетті қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту проблемаларына қоғамдық назар аудару.

Конференцияға бірнеше бағыттағы оқушылар және мұғалімдердің  жұмыстары ұсынылды. Бағыттар - Мағжан Жұмабаев – «Ұлттық поэзия падишасы», Мағжан Жұмабаев – тарихи тұлға, Мағжан Жұмабаев – «Мағжанның  педагогикасы».

– Зерттеу жұмыстарын қорғау үш бөлім бойынша жүргізілді. Бұл байқау бастауыш сынып оқушылары арасында, негізгі мектеп оқушылары арасында және мұғалімдер арасында ұйымдастырылды, – дейді Захаров негізгі жалпы білім беру мектеп басшының міндетін атқарушы Талғат Карибаев. 

Конференция қорытынды бойынша, бастауыш сынып оқушылары арасында Екішоқ негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушысы Нұрсұлу Көпен үздік атанған. Ал негізгі мектеп оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев атындағы негізгі жалпы білім бері мектебінің оқушысы Александра Турченюк жүзден жүйрік атанды. Жетекшісі – Күлжиян Иманқұлова. Ұстаздар арасындағы байқауда Міржақып Дулатов  атындағы  жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Күмісай Дәулетова жеңімпаз атанды. 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.