Павлодарлық балалар полиция туралы бейнеролик үшін бағалы сыйлықтар ұта алады

Павлодарлық балалар полиция туралы бейнеролик үшін бағалы сыйлықтар ұта алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқауға үш тақырыптың бірі бойынша видео түсіріп жіберуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Ішкі істер министрлігі «Менің полициям» балалар байқауын жариялайды. 

– Байқау дарынды әрі талантты балаларды қолдауға, оларды полицияның қызметіне бағдарлауға, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Үздік үш видеоның авторлары құнды сыйлықтармен марапатталып, олардың жұмыстары ведомствоның 300 мыңнан астам жазылушысы бар Instagram-парақшасында жарияланады, – деді департаменттің баспасөз орталығында.

Байқау «Мен полиция болғым келеді», «Қауіпсіз қоғам балалар көзімен», «Жас жол сақшылары» тақырыптары бойынша өтеді. Қатысушылар жоғарыдағы тақырыптардың бірін таңдап, вертикалды форматта (reels) бір минуттық видео түсіруі керек.

Байқауға 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. 

Қатысушылар байқау жұмыстарын 1 желтоқсанға дейін (видео және өзі туралы ақпаратты: аты-жөні, жасы, өңір, таңдаған тақырыбы мен байланыс телефоны) mvd_kontent@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.