Павлодарлық баскетболшылар ең алыс қарсыласпен ойнайды

Ойынды тікелей эфирде көруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ertis» ерлер командасы Ұлттық лига аясында Ақтаудың «Каспийімен» кездеседі. Командалар ел чемпионатының турнирлік кестесінде бір-бірімен қатар орналасқан. Павлодарлықтар жетінші орында, ал қарсыластары – алтыншы орында келеді.
Чемпионат соңына дейін, Бранислав Грегорич командасы төрт ойын өткізуі керек: екеуі «Каспиймен» және тағы екеуі «Астанамен».
«Каспийге» қарсы кездесулер 8 және 9 наурызда өтеді. Олар 17.00-де басталады. Ойын Қазақстан баскетбол федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.