Павлодарлық баскетболшы қыздар алтын медаль үшін тартысқа түспек
«Ertis» ойыншылары жерлестерінен команданы қолдауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ertis» әйелдер баскетбол клубы Ұлттық лиганың ширек финалында Ақтаудың «Каспий» командасымен ойнайды. Матчтар сериясы төрт ойыннан тұрады: олар 10-11 сәуірде Павлодарда, ал 16-17 сәуірде Ақтауда өтеді.
Бірінші матч 10 сәуірде сағат 17:00-де №2 ОРМБЖСМ (бұрынғы «Автомобилист» спорт кешені) өтеді. Кіру тегін.
Егер команда жеңіске жетсе, павлодарлық қыздар жартылай финалға шығады. Онда олар көкшетаулық «Оқжетпес» командасымен кездеседі. Баскетболшылар жерлес жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырады.