Павлодарлық тоғыз таэквондошы халықаралық жарыста үздік атанды
Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен және ТМД елдерінен 800-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1-2 маусым аралығында Теміртау қаласында «Best of the Best» таэквандодан ашық халықаралық турнирі өтті. Чемпионат жеке есепте массоги және тули бөлімі бойынша өтті. 800 қатысушының ішіндегі 34 спортшы павлодарлық «Қаһарман» ГТФ мектебінің атағын қорғады.
Массоги бойынша он адам бірінші орынды иеленді: Нұрила Жанат, Алдияр Жасұлан, Айлана Жандосқызы, Милена Куванникова, Дарья Рудницкая, Мария Айтуған, Мағжан Дәут, Саян Мұқаш, Әмір Жанғұзин, Данила Сахновский. Тағы 14 спортшы екінші, 10 спортшы үшінші орынға ие болды. Тули бойынша бірінші орынды Нұрила Жанат иеленді.
Ең мықты спортшылар «Үздіктер кубогы» үшін күресті. Павлодарлық тоғыз таэквондист аталмыш атаққа ие болды: Нұрила Жанат, Алдияр Жасұлан, Айлана Жандосқызы, Милена Куванникова, Дарья Рудницкая, Мария Айтуган, Мағжан Дәут, Саян Мұқаш, Әмір Жанғұзин.