Павлодарлық КВН командасы Сочиге баруы мүмкін

Павлодарлық КВН командасы Сочиге баруы мүмкін

Бірақ олар алдымен Екібастұз лигасында жеңіске жету керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2 наурыз күні сағат 18:00-де Екібастұздың «Өнер» мәдениет үйінде КВН-фестивалі өтеді. Жеңімпаз команданың іріктеу кезеңісіз Павлодар лигасына кіруге мүмкіндігі бар.

–  «Ертіс» КВН-фестиваліне қатысу үшін Екібастұз лигасында өзін көрсету маңызды. Ал Павлодар турының жеңімпаз құрамасы Сочиде өтетін 2026 жылғы фестивальге бара алады, – деді ұйымдастырушылар.

Қатысу немесе басқа да сұрақтар бойынша +7 777 936 7228 нөміріне хабарласуға болады.