Павлодарлық оқушылар қысқы демалысты қалай өткізе алады

Павлодарлық оқушылар қысқы демалысты қалай өткізе алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар бос уақытын театр фестивальдері және шеберлік сабақтарымен толықтыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қысқы демалыс кезеңі 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады.

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

  • «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
  • театр фестивальдері мен қойылымдары;
  • жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
  • қауіпсіздік сабақтары;
  • мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
  • спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

– Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады, – деді министрлікте.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.