Павлодарлық волонтерлердің үздік жобалары мемлекеттік қолдауға ие болды

Павлодарлық волонтерлердің үздік жобалары мемлекеттік қолдауға ие болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алты бағыт бойынша жеңімпаз атанғандар жарты миллион теңгеге қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша әлеуметтік-волонтерлік жобалар үшін шағын гранттар конкурсының қорытындысы шығарылды. ҮЕҰ мен бастамашыл топтардан конкурстың 6 бағыты бойынша барлығы 21 өтінім түсті. 

Мәселен, 1-бағыт «Әлеуметтік волонтерлік» бойынша - «Bir Tolqynda» жобасы Бақтығүл Тоқтарбаева мен «Жас ниет» жастар қоғамдық бірлестігінің «Қолдаумен өмір» жобасы ие болса, 2-бағыт «Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік» бойынша - ҚР «Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы «ТЖ-дан бір қадам алда» жобасы үздік ден танылды.

Ал 3-бағыт «Zoo Álem» бойынша Ескелді Болатовтың «ZOO HELP» жобасы үздік атанса, 4-бағыт «Цифрлық және медиа-волонтерлік» бойынша Мерей Смайылованың  «Media volunteers KZ» жобасы мен Иса Согумбаевтың «CyberKomek» жобасы дараланды.

5-бағыт «Экологиялық волонтерлік» бойынша Санат Астаевтың «Тазалық және көгалдандыру Экоциклі 2» жобасы мен Заур Советтің «Таза Қазақстан-саналы ұрпақ» жобасы қолдауға ие болды. 

Соңғы 6-бағыт «Білім берудегі волонтерлік» бойынша Асанәлі Абдрахмановтың «EduBridge» жобасы үздік атанды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Павлодар қаласы үшін 6 грант және облыстың ауылдық аудандары үшін 3 грант бөлінді. Үздік атанған әр еріктінің жобасына мемлекеттен қолдау ретінде 500 000 теңге берілді.

Сондай - ақ, ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтар үшін «Заң және тәртіп», «Экологиялық волонтерлік», «Инклюзиядағы волонтерлік» бағыттары бойынша қосымша конкурс жариялау туралы шешім қабылданды. Жоспарлы гранттардың жалпы саны әрқайсысына 500 000 теңгеден беріледі.