Павлодарлық жол трассасында минивэн жүк көлігінің астына кіріп, отқа оранды

Бес адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Бәйет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді. Төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінше.
Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.