Павлодарда сауда павильонының шатыры өртенді

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні сағат 23:18-де Қамзин көшесі, 168 мекенжайында орналасқан сауда павильонының шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
– Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақтағы өртті жедел түрде сөндірді. Жасырын от ошақтарын анықтау мақсатында шатыр конструкциялары ішінара ашылды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Департамент тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.