Павлодарлық баяншы республикалық додадан жүлдемен оралды

Павлодарлық баяншы республикалық додадан жүлдемен оралды

Алматы қаласында өткен шараға 76 адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы білім басқармасы мәлімдеді.

- Көктемгі мерекелер қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет республикалық «Accordion Fest» баян және аккордеон аспаптарында орындаушылардың байқауы өтті. Оған Павлодар музыкалық колледжінің студенттері қатысып, аккордеоншылар жетістікпен оралды, - делінген хабарламада.

Мұнда М.Ботагузовтің шәкірті Кирилл Мякота 2-орын алса, М.Әлімқұловтан тәлім алған Ернұр Нөгербек 3-орынды еншіледі.

Сонымен қатар, осы байқауда Әділжан Жақсылықов лауреат дипломын және байқаудың демеушісі «Француз қауымдастығының» арнайы дипломын жеңіп алды.

Байқаудың барлық жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.