Павлодарлық боксшы әлем чемпионатында қарсыласына жол берді

Павлодарлық боксшы әлем чемпионатында қарсыласына жол берді
Фото: qazsporttv.kz сайтынан

Бұған дейін екі жекпе-жегін сәтті өткізген Серік Теміржанов ширек финалда кубалық спортшыдан жеңілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кубалық боксшы Родриго Дель-Рей Ортамен қолғап түйістірген павлодарлық боксшы бірінші раундтан-ақ осал тұсын көрсетті. Екі спортшының салмақтары бірдей болса да кубалық спортшының шапшаңдығы әуелден-ақ байқалды.

Бірінші раундта белсенділігімен көзге түсіп, көп соққы жасай білген Родриго Дель-Рей басым түсті. Екінші раундта Серік Теміржанов есесін қайтара алмады. Үшінші раундта қазақстандыққа тек қарсыласты құлату жеңіс әкелетін еді, алайда ол соңғы раундты да сәтсіз аяқтады.

Серік Теміржанов кубалық боксшыдан 0:5 есебімен жеңілді. Бұл – чемпионат басынан бері Қазақстан құрамасының жетінші жеңілісі.

Айта кету керек, Серік Теміржанов бұған дейін малилық және мажарстандық спортшыларын айқын басымдылықпен жеңген болатын.