Павлодарлық бүлдіршіндер өз өлкелерін таныстырды

Павлодарлық бүлдіршіндер өз өлкелерін таныстырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық мектептердің 3-4-сынып оқушылары көрікті жерлерді суреттеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы екі күндік «Өз жеріңді біл» қалалық турнирін өткізді. Оған қаланың 15 жалпы білім беретін мектебінің 3 -4-сынып оқушыларының арасынан туған өлкесін жетік білетін 100-ден астам білгір қатысты.

Турнир патриоттық, адамгершілік тәрбиеге, халықтың дәстүрлерін жалғастыруға бағытталды.

–   Бұл бастауыш сынып оқушыларына арналған іс-шараға біз бірінші рет қатысып отырмыз. Мұндай зерттеу танымдық дағдыларды дамытуға, оқушыларды өздерінің кіші Отанының тарихи мұрасын зерттеуге тартуға ықпал етеді деп санаймын. Құрастырылған тапсырмалар қатысушылар өздерін тарих білгірлері ретінде көрсетуге мүмкіндік берді, – деді № 36 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Неля Дорошенко.

Турнирдің шарттары бойынша қатысушылар «Команданың визиткасы», «Өлке білгірлері», «Капитандар байқауы», «Қаланың көрікті жерлері», «Қала ескерткіштері», «Атақты тұлғалар», «Шындық немесе өтірік» сұрақтарына жауап берді.

Жарыс қортындысы бойынша І орынды №36 мектептің «Звездочки» командасы, ІІ орынды №14 ЖОМ «Уақыт білгірлері» командасы, А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ «Павлодар азаматтары» командасы, ІІІ орынды С. Торайғыров атындағы ЖОМ «Родник» командасы, № 21 ЖОМ «ЮЗ РК» командасы иеленді.

Айта кетейік, жыл сайын турнир қатысушыларының саны артып келеді.