Павлодарлық электриктер Татарстанға аттанады
Түркі халықтарының семинар байқауы 3 маусым - 8 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«АМАNАТ» партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздықов пен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Михаил Желнов электриктер ұжымымен кездесіп, алдағы жарысқа сәттілік тіледі.
Татарстан Республикасының Тетюши қаласында өтетін түркі халықтарының семинар-байқауында «Павлодар өңірлік электр энергетикасы компаниясы» АҚ ұжымы командасын бас директордың тарату жөніндегі орынбасары Геннадий Сокуренко басқарады.
Команда құрамында жөндеу бөлімінің бастығы Иван Миронец, электр қауіпсіздігі бригада бригадирі Юрий Волошанин және электр қауіпсіздігінің электр монтерлері Досхан Жұмабаев, Александр Жамбырбаев бар.
Командаға партиялық форма сыйға тартылды.
Айта кету керек, энергетиктер БПҰ мүшелері болып табылады.