Ақтоғайлықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа жобаларды кешіктірмеу тапсырылды
Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданында жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Аймақ басшысы бірнеше әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді.
– Әуелбек ауылында мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Әрлеу және абаттандыру қазан айының басына дейін аяқталуы керек. Жаңаталап ауылында келесі айдың ортасына дейін жаңа су құбыры іске қосылады. Мердігермен барлық негізгі жұмыстар орындалды, жабдықтарды жеткізу және орнату күтілуде, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Одан әрі аудан жұртшылығымен кездесуде ауданды одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды. Келешегі бар жобалардың қатарында бірден бес ауылды – Ақтоғай, Қожамжар, Приреченск және Қараойды сумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін Беловод топтық су құбырынан тартылатын жаңа тармақтың құрылысы бар. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру жалғасады. Аудан әкімдігі Жолболды, Мүткенов, Жалаулы, Барлыбай, Қайран, Жоламан және Өтес ауылдары үшін қажетті құжаттаманы дайындауда.
Облыс әкімі ақтоғайлықтардың өмірін жақсарту бойынша жаңа жобаларды мүмкіндігінше тезірек қаржыландыру үшін оларды кешіктірмеуді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram