Павлодарлық кәсіпкер кәсіпкерлер палатасының көмегіне алғыс білдірді

Кәсіпкер жол бойындағы асханасына келушілердің аздығынан қиындыққа тап болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖК Емьянов жол бойындағы асхана мен шиномонтаж қызметін жүргізу кезінде туындаған күрделі мәселесін шешуге көмектескен Палата мен көлік прокуратурасының жұмысын оң бағалады.
Кәсіпкердің айтуынша, ол 2011 жылы «Қазақстан-2020» бағдарламасы аясында А-17 автобаны бойынан асхана ашқан. Алайда жол салу барысында оның нысанына тікелей съезд қарастырылмаған, бұл келушілердің азаюына және бизнесінің тоқырауына әкеп соқтырған. Кәсіпкер клиенттердің болмауына байланысты қызметкерлерін жұмыстан босатуға мәжбүр болған.
Баспанасыз қалу қаупі төнген кәсіпкер көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қалалық филиалының директоры Медиат Мұсанапқа жүгінді. Ол мәселені Павлодар көлік прокуроры Данияр Саябековке жеткізді. Прокурор оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерделеп, жобалаушы тараптың шешіміне қатысты түсініктеме берді. Автобанның қауіпсіздігіне байланысты съезд қарастырылмағанымен, кейін кәсіпкер трассадан асханаға дейінгі жеке съезд жобасын әзірледі.
– Прокурордың жедел әрекеті мен Палатаның қолдауы бизнесімді сақтап қалуға көмектесті. Қазір жұмысымыз біртіндеп жанданып келеді. Болашақта кеңеюді, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің пікірінше, бұл жағдай мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының нақты нәтижесін көрсетті. Ол «мемлекет тек тыңдай ғана емес, әрекет етеді» дегенге тағы да көз жеткізгенін айтты.