Капитализм мен социализм. Павлодарда тағы монополист баға көтермек
«Павлодар Водоканал» ЖШС өтінішін талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің облыстық департаменті ұйымдастырған тыңдаулар кезінде «Павлодар Водоканал» ЖШС тарифті көтеру бойынша өтінішін компанияның жоспарлау бөлімінің бастығы Елена Костромина жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, тарифтердің өзгеруіне электр энергиясының, жағармай, басқа ұйымдар қызметтері ағаларының өсуі және персонал жалақысын өсіру қажеттілігі әсер етті. Нәтижесінде монополист 2023 жылдың 1 қыркүйегінен ауызсудың орташа тарифін 96,52 теңгеден 177,18 теңгеге, ал кәріз жүйесінің бағасын 85,77 теңгеден 178,41 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр.
Бұл желілер тозу деңгейі мен апаттылығын төмендетеді. Жалақы мөлшері 145 864 теңгеден 284 970 теңгеге дейін арттырылмақ. Бұл кадрлар тапшылығын төмендетуге септігін тигізеді.
Монополист өтініші қоғамдық тыңдаулар қатысушыларының көңілдеріне жақпады. Мысалы, «Савар» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Юрий Страховты 30 жыл бойы атқарылмаған жұмыс үшін қажетті қаражатты қарапайым тұрғындардан жинайтыны қынжылтты.
- Тарифті бірден 80 процентке арттыруға қарсымын, - дейді Юрий Страхов. – Монополистер желілердің тозғанын ылғи алға тартады. Бірақ, кезінде бұл желілер оларға су тегін бағаға берілген еді. Содан бері оларды күтіп-баптап ұстауға болатын еді ғой. Қазір жаңа үйлер салынғанда құбырлар мемлекет қаражатынан тартылады, пайдаланатын – монополистер. Мұнымыз қалай? Социализм бе, әлде капитализм бе?
Соңғы шешімді табиғи монополияларды реттеу Комитетінің облыстық департаменті арнайы зерттеуден кейін шығарады.
«Павлодар Водоканал» ЖШС 457,6 шақырым су желілері, 55 сорғы станциялары, 245 су колонкалары, 1 000-нан астам өрт гидранты, 345,2 шақырым кәріз желілері мен 26 кәріз сорғы станцияларына қызмет көрсетеді.
Фото: автор