Павлодарда автобус бағыттары уақытша өзгереді

Павлодарда автобус бағыттары уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше,  26 мамырда17:00-ге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты М. Жүсіп көшесінің шығыс жағы, атап айтқанда Лермонтов көшесінен Қривенко көшесіне дейінгі бөлігі, сондай-ақ М. Жүсіп – Қайырбаев және М. Жүсіп – Қривенко көшелерінің қиылыстарының шығыс бөлігі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Осыған байланысты №115 автобус бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

№115 автобус бағыты шығыстан батысқа қарай Қривенко көшесімен жүрген кезде жабылған учаскені Кривенко – Абай – Естай – Ак. Бектұров көшелері арқылы айналып өтеді және одан әрі бастапқы бағытымен жүреді (М. Жүсіп пен Лермонтов көшелеріне кірмей). Қайтар жолда да қозғалыс осы тәртіппен жүзеге асырылады.