Павлодарлық оқушылар Баян батырды еске алды

Павлодарлық оқушылар Баян батырды еске алды
Фото: Константин Шелков

Облыс орталығында Жеңіс күніне арналған «Ескерткіштен ескерткішке» акциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews тілшісі.

№30 орта мектептің 7-сынып оқушылары Баян батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, азат етуші жауынгерлерге арналған өлеңдерін оқып, батырдың өмір жолынан сыр шертті.

– Біздің ата-бабаларымыз ашық аспан, тыныш өмір үшін күрескен, мұндай акцияға қатысу біз үшін үлкен мәртебе, – деп бөлісті сынып жетекшісі Қайролла Нұрай.

Айта кету керек, қазақ хандығының саяси-территориялық бірлігі үшін күрескен қазақ қолбасшысы Баян батыр жоңғар жауынгерлерін жеңуге орасан зор үлес қосты.