Павлодар-Ақсу бағытына қосымша екі автобус шығады
Олар желдеткіштермен жабдтықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық автобус паркі Павлодар-Ақсу бағыты бойынша Қазақстанда шығарылған, 18 орынды, желдеткіш пен қауіпсіздік белбеулермен жабдықталған екі жаңа «Foton Toano Bus» маркалы автобуспен қосымша толықты. Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, басқа бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жаңарту тәжірибесі жалғасады.
Айта кетейік, аймақ басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар облысішілік бағыттарды субсидиялау басталды. Бұл өз кезегінде жылжымалы құрамды 10 жаңа жайлы автобуспен жаңартуға және жолаушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.