Павлодарлық оқушылар экоөнім жобаларын таныстырды
STEM бағытындағы білім мен технологияларды пайдалана отырып әзірлеген жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы және Margulan University бірлесіп STEM -жобалар байқауын ұйымдастырды.
Сайысқа 70 қатысушыдан тұратын 30-дан астам команда қатысты.
Конкурстың мақсаты STEM білім беру құралдарымен оқушылар және студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуеті мен зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
– STEM бағытындағы білім мен технологияларды пайдалана отырып әзірленген болашақтағы Павлодар экоаймағының дамуына елеулі үлес қосатын экоөнімдер ұсынылды. Онда макет, құрастырым, объект, модель, бағдарламалық жасақтама сияқты түрлі жобалар ұсынылды. Олардың арасында ақылды үйлер мен жылыжайлар, чат боттары, виртуалды шындық, 3D турлар, STEM бокстары болды, – деді облыстық білім басқармасында.
Байқау қорытындысы бойынша, Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беру мектебінің «Schoo13ekb» командасынан Александр Каминский және Павлодар қаласы №2 ЖОМ «Roboheart» командасынан Елнар Ахметов пен Шахмардан Айбекұлы бірінші орынды иеленді.