Павлодарлық санитарлық дәрігерлер қарбыздан уланып қалмаудың амалын айтып берді
@Pavlodarnews.kz тілшісі мамандардан қарбызды қалай дұрыс таңдау және оны үйде қалай сақтау керектігін сұрап көрді.
Алғашқы қарбыздар Павлодар базарларына маусым айында еліміздің оңтүстік аймақтарынан жеткізіліп, жаздың соңына дейін сатылады.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары піскен қарбызды таңдау кезінде ұсыныстар беріп, уланудан сақтану жолдарын айтып берді.
- Қауын-қарбызды азық-түлік дүкендерінен, супермаркеттерден, базарлардан алған дұрыс. Қарбызды тас жолдардың қасында сатып алғаннан аулақ болу керек, өйткені жидектердің бетіне шаң жиналуы мүмкін.
- Қарбыздың сыртқы түріне назар аудару керек. Жеміс дақтарсыз, зақымдануларсыз, шірік белгілері жоқ, қатты және ашық жасыл қабығымен болуы тиіс.
- Сатушылардан өнімнің құжаттарын сұраңыз.
Өзіңізді уланудан қорғау үшін пісу мерзімін ескеріңіз. Оңтүстік қарбыздарының да пісетін кезеңдері әртүрлі және тіпті жаздың ортасында да піспей қалатындары бар.
Көбінесе улану қарбыздың дұрыс сақталмауынан болады. Мысалы, кесілген қарбыз тоңазытқышта ұзақ уақыт бойы жатса немесе оны кесілгеннен кейін бірнеше күннен кейін жеуге болмайды.
Сондай-ақ қарбызды сақтау және тұтынудың бірнеше ережелері бар:
- Қарбызды сумен жақсылап жуыңыз;
- Қарбызды кесу кезінде әдеттен тыс иісті немесе дәмді байқасаңыз, оны жеуден аулақ болғаныңыз жөн;
- Сатып алғаннан кейін қарбызды бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін тоңазытқышта, таза, жабық ыдыста, шикі өнімнен бөлек сақтаңыз. Зиянды токсиндердің жиналуын және ықтимал улануды болдырмау үшін кесілген қарбызды бір күннен артық сақтамаңыз.
Тек піспеген қарбыздар ғана емес, сонымен қатар аса пісіп кеткен қарбыздар да улануды тудыруы мүмкін. Осылайша, аса пісіп кеткен жемістерде көптеген бактериялар бар.
Егер бұл жемісті жегеннен кейін улану белгілері пайда болса, дереу дәрігерге көріну керек. Өзін-өзі емдеуге болмайды.
Қарбыз температураның, ылғалдылықтың және топырақ құнарының өзгеруіне өте сезімтал. Оның өсуін жеделдету үшін көп мөлшерде минералды тыңайтқыштар жиі қолданылуды. Бұл нитраттардың шамадан тыс жиналуына және қарбыздың улануына әкелуі мүмкін. Қарбыздағы нитраттардың деңгейі бір килограммына 60 миллиграмнан аспауы керек.
Павлодарлық санитарлық дәрігерлері жаз бойы 125 зерттеу жүргізіп, Түркістан облысынан әкелінген қарбыздың бір үлгісінде ғана нитраттардың артық екенін анықтады.
Сапасыз өнім анықталса, бұзушылықтарға жою туралы ұйғарым шығарылады. Осыдан кейін сатушы тауарды жоюға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, Аққулының қарбыздары шілде айының соңына қарай сатылымға шығады.