Павлодарлық ІТ-мамандар америкалықтардың қарыздарын жабуға көмектеседі
Ол үшін қайта қаржыландыру қызметі іске қосылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, KuickTech қазақстандық компаниясы несиені қайта қаржыландыру бағытындағы Avoloan fintech-стартабын іске қосу үшін 500 мың доллар жеке инвестиция тартты. Жобаның негізін қалаушы павлодарлық бағдарламашылар америкалық азаматтардың несие карталарындағы қарыздарын жабуға көмектесуді жоспарлап отыр. Ол үшін қайта қаржыландыру қызметін іске қоспақ.
– АҚШ-та несие картасы арқылы қарыз алу – аса өткір мәселенің бірі. Орташа есеппен әрбір азамат шамамен 30% пайыздық мөлшерлемені құрайтын төрт шақты несие картасы бар. Біз адамдарға қаржылық қиындықты еңсеруге көмектесетін ыңғайлы әрі тиімді шешім ұсынамыз, – дейді Avoloan сервисінің негізін қалаушы Максим Писегов.
АҚШ-та несие карталарын қолданушылар саны 167,2 миллион адамға жетті, ал орташа жылдық мөлшерлемелер 22-26%-ды құрайды. Бұл айтарлықтай қаржылық қиындық тудырады.
Avoloan қызметі – қарыз алушыларға қарызды жауып, оның жүктемесі мен ай сайынғы төлем мөлшерін азайту, қарызды неғұрлым тиімді шарттармен шоғырландырып, қайта қаржыландыру ісінде көмектеседі. Мобильді қосымша биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.