Павлодарлық СЭБД мамандары балалар лагерьлерін қауіпсіздікке тексереді
Бұл – балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулықты сауықтыру лагерьлерінің басшылары мен өкілдеріне семинар өткізді.
Облыстық санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнара Ақылбекова балалардың сауықтыру объектілері өз жұмысы басталғанға дейін лагерь объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар алуы тиіс екенін атап өтті
– Өткен жылы, өкінішке орай, сіздің денсаулық сақтау ұйымдарыңыз жұмыс істей бастағанымен, тиісті қорытындыларын кейінірек алған жағдайға жетті. Мұндай тәжірибе биыл болмайды. Сіздер өздеріңіздің мекемелеріңіздің сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алғанша ол жерге балаларды әкелуге рұқсат берілмейді. Бұл жазалау механизмі емес. Мұның барлығы сіздердің мекемелеріңізде балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр, – деді Гүлнар Ақылбекова балалар ұйымының жетекшілеріне.
Оның айтуынша, қорытынды шығару үшін лагерьлерге СЭБД бөлімшелерінің мамандары мен басшылары келеді. Ведомство өкілдері осы басқарманың қарауындағы тоғыз балалардың жазғы сауықтыру және демалыс орындарына барады.
– egov.kz электронды порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен электрондық құжат нысанында өтініш бересіз, сондай-ақ аккредиттелген зертханалардың зерттеу хаттамаларын қосасыз, – деді СЭБД тәрбие және білім беру объектілерін қадағалау бөлімінің басшысы Ләззат Смағұлова.
Ол санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, атап айтқанда, балалардың сауықтыру объектілері үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды алудың мерзімдері мен кезең-кезеңімен алгоритмі, лагерь бас тартуы мүмкін бұзушылықтар, қорытынды алу үшін қажетті құжаттар және тағы басқалары туралы айтып берді.