Павлодарлық трассаларда жол қауіпсіздігі дрондардың бақылауында

Павлодарлық трассаларда жол қауіпсіздігі дрондардың бақылауында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұшу құрылғылары заңнама аясында пайдаланып, қоғамдық тәртіпті қорғауға және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция дрондарды тек облыс орталығында ғана емес, облыстың автожолдарында да құқықбұзушылықтарды бақылау және алдын алу үшін пайдаланады.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция жұмысында ұшу аппаратынсыз (дрон) ұшатын құрылғылар қолданылады. Дрондар қарқынды көлік ағыны мен белсенді қалалық өмірі бар аймақтарды бақылаудың заманауи құралы ретінде пайдаланылады.

Мысалы, Ақсу–Атамекен жолында дрон арқылы «Шевроле» маркалы автокөлік байқалды. Жүргізуші жол сызығын және жол белгісін елемей, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Осы құқық бұзушылық үшін жүргізушіге әкімшілік материал рәсімделді.

– Дрон қоғамдық орындарда, көше-жол желісінде, адамдар көп жиналатын жерлерде және оған іргелес аумақтарда жалпы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. Оларды пайдалану құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің бұзылуын анықтау, ықтимал проблемалы учаскелерді мониторингтеу, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мәлік Оңғарбаев.

Дрондарды пайдалану нақты уақыт режимінде болып жатқан оқиғалардың объективті картасын алуға, адамдардың жиналуы, қозғалыстағы қиындықтар, қауіпті учаскелер мен жол ережесін бұзуларды уақытында анықтауға, сондай-ақ полиция қызметінің әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, 23–25 қаңтар аралығында Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған ЖПШ «Қауіпсіз жол» жүргізілуде.