Павлодарлық тұрғын жиі кекірмейтін болды

60 жастағы әйел кекірікке жиі шағымданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Светлана Иванова асқазан ауруымен гастроэнтерологқа бірнеше рет қаралған. Дәрігерлер асқазанның рентгенографиясында диафрагмалық жарықты анықтап, эндоскопия кезінде мәселе дереу хирургиялық араласуды қажет ететінін бірден түсінген.
– Алғашқыда ішім ауыра бастады, қыжыл болды, кекіре беретінмін. Әдеттегі ем көмектеспеді. Тексеруге жібергеннен кейін ота жасауды ұсынды, – деп еске алады науқас.
Хирургтер артқы крурорафиясы бар лапароскопиялық фундопликация жүргізілген. Шағын инвазивті ота жасалған, яғни құрсағын тілместен барлық процедуралар арнайы пункциялар арқылы орындалды. Мұндай отадан кейін қалпына келу әлдеқайда жылдам өтеді.
Науқас стационарда бес күн жатқан.
– Қазір мен өзімді жақсы сезінемін, ауруханадан шығуға дайындалып жатырмын. Операция сәтті өтті, жарық күрделі, үлкен болып шықты. Операциядан кейінгі кезең еш қиындықсыз өтті. Алдымен №1 диеталық кестені ұстануым керек, яғни майы аз тағамдарды жеуге тырысу керек, – деді Светлана Иванова.
Хирург Ерасыл Мырзаханов өңештегі диафрагмалық жарық өте сирек, яғни құрсақ қуысының басқа жарықтармен салыстырғанда жылына 5-6 рет кездеседі. Бұл ауру дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын сақтамаудан туындауы мүмкін. Дененің байланыстыратын дәнекер тіні мәселесі салдарынан жарық өсе бастайды.
МӘМС бағдарламасы бойынша операция тегін жасалды. Ал медициналық сақтандыруы жоқ тұрғындар үшін отаның құны – бір миллион теңге.
Фото: автор/Вероника Айтхалинаның бейнесінен скриншот