Павлодарда адам мойнына күрделі ота жасалды
Санкт-Петербургтан келген хирург жергілікті әріптестерімен тәжірибе бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Н.И. Пирогов атындағы жоғары медицина технологиялар клиникасының хирург-дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Новокшонов Павлодардың бірінші ауруханасындағы екі күндік мастер-класс кезінде алты ота жасады. Олардың бірі – субтоталды паратиреоидэктомия, яғни мойындағы парақалқанша бездің ең өзгерген бір бөлігін сақтап қалу.
- Ота жақсы өтті. Науқас отаға дер кезінде жолданды, яғни терапия нәтиже бермеген кезде. Отадан кейін дәрігерлердің терапия арқылы науқастың жағдайын түзетуге біраз уақыты болады: сүйек бұзылмай, жүректің бас тамырларында кальций жиналмайды. Науқастың өмірі ұзартылады, - деді Константин Новокшонов.
Ресейлік дәрігердің сөзіне қарағанда, науқас үш тәуліктен кейін ауруханадан сауығып шығады. Константин Новокшонов павлодарлық дәрігерлер мен бірінші аурухана құрал-жабдықтарына да баға берді.
- Бәрі керемет: ота жасау бөлмесі де, дәрігерлер де. Бәрі Санкт-Петербург деңгейінде. Дәрігерлер ұнады – бәрі жұмысқа зор ынта-жігермен қарайды. Бірте-бірте жергілікті дәрігерлер де осындай күрделі ота жасай алады, - дейді Константин Новокшонов.
Жоспарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Алмас Жұмабеков мұндай жоспардың барлығын растады. Осы секілді оталар келесі жылдан бастап жасалына бастайды.
Фото: автор