Павлодарда дәрігерлер жүргізушінің түсіп қалған жарты тілін қалпына келтірді
Ер адам көп қан жоғалтқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дәрігерлер 43 жастағы көлік жүргізушісінің тілін тігуге мәжбүр болған.
– Суға түсіп болған соң үйге қайтып бара жатқан кезде сүрініп, иегімді жерге соғып, тілімді тістеп алдым. Есеңгіреп қалған күйде ештеңе түсінбедім, тіпті ауырсынуды да сезбедім, – деді науқас.
Дәрігерлер қанды әрең тоқтатқан. Тілді тігуге мүмкіндік болмағандықтан, хирургтар оны өсіріп жетілдіруді шешкен. Мүшенің ұшы тінмен және үшбұрышты бұлшықетімен қалпына келтірілді. Тілдің жүгеншегінде ұзартуға тура келді. Қазір науқастың денсаулығына шағымы жоқ.
– Ота екі күн бұрын жасалды. Қазір өзімді жақсы сезінемін, тәттілердің дәмін сезіне бастадым. Дәм сезу мүшелерінің қалпына келуі үшін алты ай қажет болды. Жұту ауыр емес, бірақ сөйлеу ыңғайсыз болып тұр. Массаж жасасам, екі-үш айдан кейін сөйлеу қабілетін қалпына келтіремін, – деді Сергей Галкин.
Жақсүйек-бет бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Түкиновтың айтуынша, бастапқыда науқастың тілін қалпына келтіру үшін шетелге жіберу жоспарланған.
– Тіл – бұлшық ет органы, оның қанмен қамтамасыз етілуі өте жақсы. Науқас өте көп қан жоғалтты. Біз басқа мүшелердің тіндеріне трансплантация жасаймыз деп ойлағанбыз. Бірақ хирургтармен ақылдаса келе, бұл отаны осында жасауды шештік, – депті дәрігер.
Ринат Түкинов 13 жылдық жұмысында мұндай жағдайға үшінші рет тап болып отыр. Оның айтуынша, бұл – өте сирек кездесетін жағдай.
Медициналық сақтандыру болмаған жағдайда бұл операцияға үш миллион теңгеге жуық қаражат керек еді. Бірақ МӘМС бағдарламасы бойынша барлық оталар тегін жасалады.