Павлодарлық дәрігерлер қызылшаның көп таралуына байланысты вакцина алуға шақыруда
Елімізде қызылшамен ауырғандардың көбі вакцина алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ӨКҚ-да өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанова әлемнің 150 елінде 155 мыңнан астам адамнан қызылша анықталғаныны атап өтті. Оның ішінде бізге жақын елдерде де анықталуда.
- Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, қызылшаның әлемнің көп бөлігінде таралады деген қауіп бар. Ол КВИ кезінде қызылшаны бақылау әлсіреп қалуына байланысты, - деді Зәмзәгүл Досжанова.
Зәмзәгүл Досжанованың айтуынша, қызылшадан тек қана вакцинация арқылы ғана сақтануға болады.
Сондықтан ата-аналарға вакцинадан бас тартпауға шақырады. Бүгінде облыста вацинасы жоқ 2716 бала бар. 1 наурыздан бері 375 бала егілген. 760 баланың ата-анасы бас тартқан.
- Көп ата-ана бас тартуда. Олар қызылша біздің елде аздап қана тіркелуде деп санайды. Бірақ егер қызылша анықталса, оның асқынуы қиын жағдайға әкелетінін айтқым келеді. Қызылша – вирустан туындайтын аса жұқпалы инфекциялық ауру. Асқынса өте қауіпті. Пневмония сияқты басқа ауруларға ұласуы мүмкін. Сіздің балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызды екенін ұмытпаған жөн, - деді Зәмзәгүл Досжанова.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының м.а. Айгүл Мұқышеваның айтуынша, елімізде қызылшаға қарсы вакцина баланың 1 жасында және екінші рет 6 жасында егіледі.
Қазіргі уақытта Павлодар облысында қорда қызылшаға қарсы вакцинаның 19500 дозасы бар. Сондықтан уақытында алып үлгермеген балалар вакцина алуына мүмкіндік бар.
Еске салайық, жыл басынан бері Павлодар облысында 1 бала қызылшаға шалдығып, жазылып шықты.
Фото: ашық дереккөздерден