Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Тұран – Луначарский – Ә. Бөкейханұлы – Толстой көшелері алаңындағы тұрғын үйлерде электр қуаты сөндіріледі.

Ал сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Жаңаауыл ауылындағы 4-ші, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлерде жарық болмайды.