Павлодарлық жайдарманшылар республикалық лиганың жүлдегерлері атанды

Павлодарлық жайдарманшылар республикалық лиганың жүлдегерлері атанды
Фото: Жайдарман

Олар финалдық кезеңде төрт командаға қарсы ойнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында өткен жайдарманның премьер-лигасында павлодарлық команда «Андриановка» өнер көрсетті. Аталмыш ойында олар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, өздерінің әзілдерімен жүлделі үшінші орынды иеленді.

– Шынымен де бұл өте тартысты ойын болды. Команда осы ойынға дайындаламыз деп, ұйқы көрмеген күндер де болды. Сол еңбектің жемісін көріп, бүгін осындай жетістікке жеттік,–дейді команда капитаны Алмаз Сәлденбеков.

Аталмыш ойынның нәтижесі бойынша жерлестеріміз «Сәлемдесу» кезеңінде толық бес ұпайдан 4.8 ұпай алса, «ширату» сайысында 4.7 ұпай иеленді. Соңғы «көрініс» кезеңінде олар ауылдағы өткізілетін мерекелік шараны көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Андриановка» құрамасы қос бірдей фаворит құраманы ерекше есеп айырмашылығымен жеңіп, финалдық кезеңге өткен болатын.