Успен ауданындағы жаңа спорт нысанының құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Успен ауданындағы жаңа спорт нысанының құрылыс жұмысы аяқталуға жақын
Фото: Валерий Бугаев

Асайын Байханов Успен ауданындағы әлеуметтік нысандарды тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Биыл аудандағы Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты жолына орташа жөндеу жүргізіледі. Шілде айының соңына дейін тозығы жеткен 15,3 км жол жөнделеді. Сонымен қатар, Тимирязево ауылына 14 км, Богатырь ауылына 2,2 км кірме жол және аудандық маңызы бар Луганск-Константиновка жолының 4,4 шақырымы жөнделеді. Успен, Константинова, Тимирязево және Галицкое ауылдарында 10 км 15 кентішілік жол жаңартылады, - деді аймақ басшысы. 

Успен ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асатын Қоңырөзек ауылындағы 6 көшені жөндеу жоспарланған. Бұдан басқа, ауылдағы мектепке күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аудан орталығында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша екі жылдық жоба аяқталады. Жаңа спорт нысанын ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Асайын Байханов жауаптыларға биыл іске асырылатын барлық жобаларды бақылауда ұстауды және олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)