Павлодарлықтар өз өтінімдерінің мәртебесін мобильді қосымшасынан бақылай алады

Павлодарлықтар өз өтінімдерінің мәртебесін мобильді қосымшасынан бақылай алады
Фото: Константин Шелков

Мұндай формат қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мобильді қосымшасында азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдердің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігі пайда болды.

Өтінім мәртебесін «ХҚКО қызметтері» және «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімдерінен көруге болады. Ақпарат алу үшін пайдаланушы өз өтінімінің нөмірін көрсетуі қажет. Мұндай формат қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтарға орталықтарға бармай-ақ қызметтің орындалу барысы туралы дер кезінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қосымшада электронды түбіртектерді көру және сақтау функциясы іске қосылған. Бұл түбіртектер өтінім берілгені мен қызметтің көрсетілгенін растайтын құжат болып табылады.

Түбіртек автоматты түрде «Өтінімдер тарихы» бөлімінде сақталады, бұл азаматтарға оны кез келген уақытта жылдам әрі қауіпсіз түрде табуға мүмкіндік береді.