Павлодарлық жеткіншектер шетелде жүлде алған суреттерін көрмеге қояды

Аталмыш іс-шарада жеті жастан асқан суретшілердің жұмыстары қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Айна» галереясында «Кескіндеме геометриясы» атты көрме өтті.
– Әр суретші қоршаған әлемді өзінше бейнелейді, өйткені ол оны сезінеді. Біреу фотореализмді, біреу импрессионизмді, пуантилизмді жақсы көреді. Барлық стильдер мен бағыттарды тізімдеу мүмкін емес, – дейді ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, «АртБюро» бейнелеу өнері мектебінің тәрбиеленушілері геометрия стиліндегі жұмыстарды орындауды жөн көрді.
«Кескіндеме геометриясы» көрмесінің барлық авторлары – биыл 19 жылдығын атап өтетін «АртБюро» бейнелеу өнері мектебінің оқушылары.
Осы жылдар ішінде оның тәрбиеленушілері өз жұмыстарын Жапонияда, Францияда, Болгарияда, Ресейде, Польшада, Румынияда, Беларуссияда, Иранда, Сербияда және басқа елдерде бірнеше рет ұсынып, жеңістер мен жүлделі орындарды иеленді.
Бұл жолы көрмеде 23 автордың 26 жұмысы орын алды.