Павлодарлықтар QalaRun спорттық додасында бақ сынай алады

Шара қала күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 22 шілде күні орталық жағалауда Ertis Promenade сахнасының жанында сағат 8:00 - де "QalaRun" спорттық іс-шарасы өтеді.
- Әрбір қатысушы жүгіру және скандинавиялық серуендеу жарыстарына қатыса алады. Тіркеу таңғы 7:00-де басталады. Жарыс жас ерекшелігіне қарай екі топпен өтеді, - делінген хабарламада.
Жас топтары және жүгіру қашықтығы:
- балалар үшін: 6-8 (400 м), 9-11 (400 м), 12-14 (800 м), 15-17 (800 м)
- ересектер үшін (е/ә): 18-29 (5,6 км/2,8 км), 30-39 (5,6 км/2,8 км), 40-49 (5,6 км/2,8 км), 50-59 (5,6 км/2,8 км), 60+ (2,8 км / 2,8 км)
Скандинавиялық серуендеуге жас топтары (қашықтық - 2,8 км) - 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталатын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram