Павлодарда отбасында жарақат алған сәбидің жағдайы белгілі болды

Павлодарда отбасында жарақат алған сәбидің жағдайы белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баланың жағдайы оңалып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Cәуле Шәкенева 2025 жылдың 19 наурызынан бастап балалар үйінде жатқан төрт айлық сәбидің жағдайы туралы айтты.  

Сәби отбасында алған жарақаттары салдарынан екі рет облыстық балалар ауруханасынан шығарған сәттен бастап балалар үйіне орналастырылған. Бүгінде баланың жағдайында тұрақты, оң динамика байқалады, – дейді Cәуле Шәкенева.

Заңды өкілге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, материалдар соңғысының құқықтарын шектеу үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.