Павлодар облысында 19 шілдеде өткінші жаңбыр болуы мүмкін

Бұл жайлы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Түнде өңірімізде ауа райы +20..+22 °C дейін жетеді. Көшпелі бұлтты болуы мүмкін, бірақ жауын шашынсыз.
Синоптиктер күндіз +33...+35°C градус қатты ыстық болады деп болжамдайды. Ауа райы көшпелі бұлтты болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін соғады.