Павлодарлықтар қала басшылығына шағымданды
Қала әкімінің орынбасары тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ануарбек Аманов өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, Бектұров көшесі, 71-үй «Тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында модернизациядан өткен.
– Қала әкімінің тапсырмасы бойынша үйдің тұрғындарымен жүздестім. Олар жөндеу сапасына қатысты сын айтуда. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен бірлесіп тұрғындармен жиын өткізуді, барлық ескертпелерді құжат жүзінде тіркеуді тапсырдым, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, тұрғындар жаттығу алаңын жабдықтап, автотұрақты кеңейтуді сұрады. Қала әкімінің орынбасары бұл жұмыстарды келесі жылға жоспарлайтынын түсіндірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram