Павлодарлықтар әділет органдарына сұрақтар қоя алады

Тұрғындар әділет департаментінің қызметімен таныса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29 тамызда Астана көшесі, 18 мекенжайында облыстық әділет департаментінде Ашық есік күні акциясы өтеді. Іс-шараға әділет департаментінің құрылымдық бөлімдері қатысады.
Аталған шара барысында азаматтар әділет органдарының, әділет департаментінің қызметімен таныса алады. Сонымен қатар, қызықтырған сұрақтарын қоюға болады.