Павлодарлықтардан стерилизациядан өткен иттерге су қоюды сұрайды

Бұл жануарларға қамқорлық көрсетудің қарапайым әрі тиімді жолы саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ветеринариялық станцияның аулау қызметі мәлімдегендей, қала аумағында стерилизациядан және вакцинациядан өткен иттерді босату жұмыстары жалғасуда.
– Бұл жануарлар мүлде агрессиясыз, мейірімді әрі адамға жақын. Олар адамдардың қасында өмір сүруге үйренген, ешқандай қауіп төндірмейді, керісінше біздің түсіністігіміз бен қамқорлығымызға мұқтаж. Олардан қорықпауларыңызды, әрі мүмкіндік болса, ыстық күндері су құйып қоюларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бұл олардың жазғы аптапты жеңіл өткеруіне көмектеседі.