Павлодарлықтарды сапалы контент жасауға үйретеді
Жастар орталығында SMM және мобилографиядан тегін курс басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«The Trend Academy» қысқа мерзімді курстар жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан бұл шара 16, 17 және 18 ақпан күндері Ломов көшесі, 38 мекенжайында жоспарланған.
– Курс бағдарламасы контент жасаудың ең өзекті бағыттарын қамтиды. Қатысушылар тек телефонның көмегімен сапалы өнім жасауды, жарық пен композицияны дұрыс таңдауды және ракурсты тиімді пайдалануды үйренеді. Сонымен қатар Instagram және TikTok платформалары үшін видео түсіру мен монтаждаудың заманауи әдістері практика жүзінде көрсетіледі, – деді ұйымдастырушылар.
Оқу барысында жеке брендті қалыптастыру мен бизнесті әлеуметтік желіде ілгерілету стратегияларына да ерекше назар аударылады. Спикер және мобилограф Мереке Темірғалиева SMM саласындағы соңғы трендтермен бөлісіп, практикалық кеңестер береді.
Сабақтар кешкі сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін жалғаспақ.