Павлодарда бүгіннен бастап қысқы қалашықты алып тастайды

Павлодарда бүгіннен бастап қысқы қалашықты алып тастайды

Маусымның аяқталуына байланысты 9 ақпаннан бастап қысқы қалашық  бұзылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мәлім етті. 

- Кейіннен аумақты тазалау және қар шығару жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ маусымның аяқталуына байланысты Естай көшесі тұсында жағаға түсетін жердегі шырша да жинақталады, - деді бөлімде. 

Еске салайық, қысқы қалашық желтоқсан айында жасалған болатын. Оның жағдайын қаланың коммуналдық қызметтері қадағалады. 

Мұз қалашығы орталық жағалауда Естай көшесінен түсетін жерде салынды. Бұл жерде үлкен сырғанақ, мұз түнелі, мұз айдыны жасалды. Сондай-ақ мұзға қатысты ертегілердің кейіпкерлерінен мүсіндер орнатылды. 

Фото: Павлодар қалалық әкімдігі