Павлодарлықтарға суды қашан бере бастайды?

Павлодарлықтарға суды қашан бере бастайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жағдай облыс әкімінің бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік су жинау станциясында 1-ші көтергіш сорғы жабдығы ажыратылып, Павлодар қаласы бойынша су беру қысымы төмендеді. «Павлодар Водоканал» ЖШС және қаланың авариялық қызметтері сорғы жабдықтарын ауыстырумен және сумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірумен айналысуда.

Облыс әкімі Асайын Байханов, қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтерінің басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде көпқабатты тұрғын үйлерге және басқа да объектілерге су беру төмен қысымда жүргізілетін болады. Сондай-ақ, бау-бақша шаруашылығына су беру уақытша тоқтатылады.

– Желіде су қысымын кешкі сағат 18:00-де көтере бастайды. Қысым сағат 23:00-ге дейін толық қалпына келеді деп күтілуде,– делінген хабарламада. – Тұрғындардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

21 маусымда сағат 00-ден 13-ке дейінгі «Павлодар ЭТК» АҚ-да электрмен жабдықтау желілерінде 35-110 кВ технологиялық ажыратулар тіркелген жоқ.